Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ұн бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстандағы ұн бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандап жатыр. Бірақ бірінші сұрыптағы ұнның бағасы соңғы аптада бірден 2 пайызға өскен. Неліктен елімізде ұн қымбаттауда. Толығырақ kaz.nur.kz материалынан оқыңыз.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТТ) тізімі бар. Оған 19 азық-түлік тауары жатады. Мемлекет олардың бағасын үнемі қадағалап әрі реттеп отырады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада, яғни 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында негізгі азық-түліктің орташа бағасы өзгермеген. Жылдық көрсеткіштерге сәйкес, олар 5,8 пайызға өскен. Ал ӘМАТТ тізіміндегі көптеген тауардың арзандап жатқанына бірнеше ай болған, соңғы аптада пияздың (3 пайызға), картоптың (1,8 пайызға), сәбіздің (1,4 пайызға), ақбас қырыққабаттың (1,3 пайызға) және күнбағыс майының (0,7 пайызға) орташа бағасы төмендеген. Сондай-ақ соңғы аптада сары май, пастерленген сүт және майлылығы 2,5 пайызды құрайтын айран бағасы да өзгермеген. Басқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы шамамен 1 пайызға ғана өскен. Дегенмен 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында бірінші санаттағы жұмыртқа (1,2 пайызға) мен бірінші сұрыптағы ұнның (бірден 2 пайызға) орташа бағасы өскен. Бұл ретте, Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының Telegram-дағы Data Hub арнасында мәліметінше, биыл бірінші сұрыптағы ұн бағасының бір аптадағы өсімі 2022 жылғы мамырдың ортасындағы көрсеткішпен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұған дейін 7 ай бойы ұн бағасы бірде төмендеп, немесе тұрақты болып тұрған. Сарапшылардың дерегінше, бірінші сұрыптағы ұнның қымбаттауына байланысты бірінші сұрыптағы ұннан пісірілетін әлеуметтік нан бағасы да бір аптаның ішінде 0,2 пайызға өскен. Сарапшылардың болжамынша, елімізде ұн бағасының өсеуі үкіметтің ресейлік бидайды импорттауға тыйым салуымен байланысты болуы мүмкін.
06 қазан 2023 ж. 156 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 67

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930