Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылы Қазақстанда сутегімен жүретін пойыздар пайда болуы мүмкін

2027 жылы Қазақстанда сутегімен жүретін пойыздар пайда болуы мүмкін

«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы 2027 жылдан бастап сутегімен жүретін локомотивтер сатып алмақшы. Осылайша олар логистикалық компаниялардың алдындағы экологиялық иммиджін жақсартпақ, деп хабарлайды inform.kz
Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «New Silk Way» халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында осындай мәлімет айтты.
«Әуе мен теңіз көлігіне қарағанда қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды 8 есе аз тастайтынына қарамастан, теміржол саласында жетілдіру қажет тұстар жетерлік. 2027 жылдан бастап «Қазақстан Теміржолы» жасыл сутегімен жүретін локомотивтер сатып ала бастайды.
Яғни, біздің локомотивтер паркі жасыл энергетикаға басымдық беретін болады. Оған дейін газбен жүретін локомотивтер сатып алмақшымыз. Өткенде ол туралы да келісімдерге қол қойдық. Газ да жасыл технологияға жатады. Яғни, жасыл технология логистика саласына келіп жатыр. Ірі компаниялармен келіссөз жүргізгенде жобаның құнымен бірге жүктің әр тоннасына қанша шығарынды келетіні нақты жазылады. Ірі компаниялардың бәрі логистикалық өнім сатқанда міндетті түрде көміртегі ізін көрсетіп отырады. Бұл – уақыттың пәрмені», - деді ол.
Компания басшысы Қазақстан аумағымен жүк тасымалдағысы келетін ірі компаниялар онлайн бақылау жүйесінің жетілмегеніне сақтықпен қарайтынын айтады.
«Біздің сала үшін цифрландыру да маңызды. Өйткені ірі компаниялармен сөйлескенде олардың айтатыны бар. «Қазақстан аумағына кірген сәттен бастап жүгімізді көруден қаламыз. Қай жерде кетіп бара жатқаны немесе тұрғаны беймәлім болып кетеді», - дегенді айтады. Сондықтан осындай технологияларды беретін әлемнің ірі компанияларымен жұмыс істеп жатырмыз. Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан тарапымен осы цифрлық дәлізді бірізді етіп құруға уағдаласып жатырмыз», - дейді Нұрлан Сауранбаев.
Жалпы әлемдегі тасымал тізбегінің бұзылуы «Қазақстан Теміржолы» үшін қолайлы жағдай туғызған ұқсайды.
Кейінгі үш жылда бізде тарихи көрсеткіштер тіркеліп келеді. Яғни, біз жыл сайын Қазақстан теміржолының ең жоғары көрсеткіштерін жаңартып отырмыз. Биыл да солай болатын түрі бар. 9 айдың қорытындысы бойынша жүк айналымы 7 пайыз өскен. Негізгі өсім транзит есебінен болып тұр. Тарнзиттің өз өсімі – 25 пайыз. Бұл өте жақсы көрсеткіш және Қазақстан транзиттік ел ретінде қалыптасқанын айғақтайды», - дейді ҚТЖ басшысы.
Айта кетейік, Президент Қасмы-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылған болатын. https://kaz.inform.kz/news/-4549fb/ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровтың айтуынша, америкалық локомотив өндіруші компания Citibank-тің қаржыландыруы арқылы арқылы елімізде 240 жаңа локомотив жасамақ. Мәміленің құны 900 млн долларға тең.
Келісім «Қазақстан темір жолы» компаниясының 15 пайызға жуық лкомотивін жаңалауға мүмкіндік береді.
04 қазан 2023 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031