Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елге тегін дәрі-дәрмек жеткізушілер үстеме бағаны көтеруі мүмкін

Елге тегін дәрі-дәрмек жеткізушілер үстеме бағаны көтеруі мүмкін

Елдегі кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы берілетін дәрі-дәрмекті жеткізушілер үстеме бағаны көтеруі мүмкін, деп хабарлайды baq.kz
Бұл туралы елордада өткен бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша Жария тыңдау барысында белгілі болды.
Дәрі-дәрмектің үстеме бағасы былтырдың қорытындысына қатысты шығындарды негізге алған. Нақтылар болсақ, шығындардың басым бөлігі логистика саласына қатысты болып отыр. Яғни дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тасымалдау, оны сақтау мен тиеу-түсіру жұмыстарын қамтиды. Оған шығынның 45%-ы тиесілі. Үстеме бағаны ашық талқылауға салу бірыңғай дистрибьютор үшін маңызды деп санаймыз, - деп атап өтті «СК Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова.
Сонымен қатар ол дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуде үлкен тәжірибе барын алға тартты.
Дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдармен уақытылы қамтамасыз етуде бізде COVID-19 пандемиясы мен Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәжірибеміз бар. Әсіресе сондай жағдайларда дәрі-дәрмекке сұраныс артатыны белгілі. Уақытша проблема орын алмас үшін қорымыздың болуын негізгі стратегиялық міндетіміз ретінде қарастырамыз, - деді компания өкілі.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада алғаш рет бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша Жария тыңдау өтті.
Белгілі болғандай, жария тыңдаулар – арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтің бағасын бекітудегі міндетті рәсімдердің бірі. Үстеме баға жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізу Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ашықтығын көрсетеді.
02 тамыз 2023 ж. 334 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930