Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp бұрын-соңды болмаған ерекше функцияны енгізді

WhatsApp бұрын-соңды болмаған ерекше функцияны енгізді

Енді нөмірі сақталмаған адамдарға да WhatsApp арқылы хат жолдауға болады. Мессенджер жасаушылар оның жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz
Мессенджердің жаңа нұсқасында хат алмасуды бастау үшін бар болғаны "Жаңа чатты бастау" опциясын таңдап, оның нөмірін ашылған терезеге енгізу жеткілікті. Әрі қарай барлығы құпиялылық саясатына сай болып, оған хабарлама жазуға рұқсат етілсе, контакт іздеу бағдарламасында көрсетіледі. Бұрын WhatsApp-та біреуге хабарлама жіберер алдында оның нөмірін сақтау міндетті еді.
WABetaInfo бұл мүмкіндікті пайдалы әрі көптен күткен жаңалық санайды, өйткені біраз пайдаланушылар жаңа таныстардың нөмірлерін сақтауды ұмытып жатады.
Портал жаңа опция Android пен iOS үшін WhatsApp қосымшасының соңғы нұсқасында ашылады деп жазады. Оны орнату үшін Google Play немесе App Store дүкеніне кіріп, WhatsApp каталогынан тауып, "Жаңарту" түймесін басу керек.
18 шілде 2023 ж. 151 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 71

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 120

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 127

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 91

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031