Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ғалымдар металға аллергиясы барларға арналған тіс протезін жасады

Қазақстандық ғалымдар металға аллергиясы барларға арналған тіс протезін жасады

Елімізде металға аллергиясы бар адамдарға арналған тіс протезі жасалды, деп хабарлайды.baq.kz
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ортопедиялық стоматология кафедрасы ағзаға уытты әсер етпейтін отандық құрылымдық және қосалқы тіс протездік материалдарды ұсынды.
Соңғы кездері ауыз қуысында металға төзбеушілігі бар науқастардың саны артып келеді. Металл-керамикалық протездер үшін кең таралған негізгі металдардың қорытпалары ағзаға, ауыз қуысының тіндеріне және адам ағзасының жалпы жағдайына жанама әсер етуі мүмкін.
Stomet-1kz және stomet-2kz қорытпалары эксперименттік жануарлар ағзасына теріс әсерді толығымен жоюға мүмкіндік беретін зерттеуден өтті. Бұл эксперименттің барлық топтары мен серияларында бауырдың минималды өзгеруін көрсетті.
Сонымен қатар қорытпалар медицинада қолдануға жеткілікті берік қалыпта болды. Отандық stomet-1kz, stomet-2kz стоматологиялық қорытпалары үшін МЕМСТ 31575-2012 нөміріне сәйкес кемінде 25 МПа болуы тиіс кернеудің жеткілікті шамасы бар екенін көрсеткен эксперименттік зерттеулер жүргізілді.
Si құрамын 1%-ға арттыра отырып, әзірленген отандық қорытпалардың ұсынылатын химиялық құрамы Stomet-1kz және stomet-2kz қорытпаларының керамикамен металдың адгезия беріктігін едәуір арттырады. Яғни, Stomet-1kz қорытпасы 1,2 есе, Stomet-2kz қорытпасы үшін 1,3 есе болады.
Жалпы, ортопедиялық стоматология кафедрасы 12 инновациялық патент алып, импакт-факторы бар ғылыми журналдарда (АҚШ, Швеция, Ресей, Германия, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан) осы тақырып бойынша 32 ғылыми жұмыс жариялады.
21 ақпан 2023 ж. 242 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930