Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейі үстем серіктестік

Мерейі үстем серіктестік

Ақпараттық бәсекелестік дамыған қазіргі уақыт мерзімді баспасөз құралдары мен түрлі ақпараттық агенттіктер арасындағы тартыста басылымдардың басымдығын сақтап қалуды қажет ететін дүниелерді талап етіп отырғаны анық. Осы бағытта тек аймақта ғана емес, республика көлемінде көптеген медиа орталықтар жұмыс істеп келеді. Таяуда Астанада өткен Өңірлік мерзімді басылымдар форумында олардың еңбегі сараланып, жұмыстарына баға берілді. Осы ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ақпарат айдынында айрықша орны бар "Сыр медиа" серіктестігін тілге тиек етті.
Еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат қатысқан форумда медиа холдинг басшылары, бас редакторлар, журналистер бар. Екі күн бойы түрлі сессиялар, мастер класстар, талқылаулар ұйымдастырылған форумда газет басу, тарату ісінде жүйелі жұмыс істеп жатқан өңірлік басылымдардың жай-күйін саралай келе, газетті басу, баспасөзге жазылу, оны елді мекендерге, оқырмандарға тарату ісінде Қызылорда облысындағы «Сыр медиа» серіктестігінің жұмысын өзге өңірлерге үлгі ретінде ұсынған министр «Сыр медиа» серіктестігі газет басу, тарату ісінде жүйелі жұмыс істеп жатыр» деді.
Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі аймақтарда сайты жоқ басылымдар бар екенін қынжыла жеткізді. Кейбір аудандық газеттердің сайты тұрақты, жедел ақпарат таратып отырғанын атап өтті. Өткен жылдың аяғында Қызылорда облысында болып, серіктестіктің, Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» редакциясының жұмысымен жақын танысқан болатын.
– Өңірлерге сапарлар және осы форумға дайындық кезінде аймақтардағы кейбір басылымдардың тіпті сайты да жоқ екенін анықтадық. Ал кейбір өңірлік басылымдардың сайттары жақсы жұмыс істейтінін көрдік. Мен «Жаңақорған тынысы» газетін атап айтқым келеді. 7,5 мың тиражбен тарайды. Газет редакциясын сол ауданның тұрғындары асарлатып салып берген. Сайты біздің кейбір республикалық басылымдардың сайтынан да жедел ақпарат таратады. Осыны ескере отырып, өңірлік басылымдардың сайттарын жасау, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша көмектесіп, қолдау көрсететін боламыз, – деп «Сыр медиа» ЖШС-ның жұмысына оң баға берді.
Айта кетейік, «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты Арал аудандық «Толқын» газеті де қазіргі таңда 6100-ден аса тиражбен таратылса, газеттің сайты бүгінгі таңда күніне 4500-5000 оқылым, аптасына 30 мыңға жуық қаралым жинап, өз оқырмандарын ақпаратпен уақытылы қамтамасыз етіп келеді.

27 қаңтар 2023 ж. 171 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031