Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ең жақын адам". Бауыр басу бала өміріне қалай әсер етеді?

"Ең жақын адам". Бауыр басу бала өміріне қалай әсер етеді?

"Бала үшін ата-анасының өз өмірін сүрмеуден артық ауыртпашылық жоқ" дейді психолог.
Бауыр басу теориясын ағылшын психиатры, психоаналитик Джон Боулби ойлап шығарған. Бұрын нәресте физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін анасымен байланыс құрады делінсе, Боулби бұл байланыстың қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет екенін қосты. Сондай-ақ, ол сәби үнемі іздейтін "ең жақын адам" түсінігін енгізді. Егер бала ұзақ уақыт өзі үшін маңызды адаммен байланысқа шықпаса, бұл оның психологиялық жарақат алуына әсер етеді.
Джон Боулбидің баяндамасынан кейін Еуропа мемлекеттерінде бала тәрбиесіне қатысты көп өзгеріс енгізілді. Дәлірек, ата-аналарға балалар ауруханасына кіруге рұқсат берілді, 24 сағат жұмыс істейтін балабақшалар жабылды және бала күтіміне байланысты демалыс түрі көбейді.
Бұдан кейін бауыр басу теориясының қағидаттары айқындалды:
Балада туа салысымен пайда болатын бірінші деңгей – сезім мүшелері арқылы бауыр басу. Шақалақ ең жақын адамының қасында екенін сезінуі тиіс.
Сәби екі жасқа толғанда екінші деңгейге өтеді – бауыр басу сезімін ең жақын адамына ұқсау арқылы нығайту. Бала өзі жақсы көретін адамдардың мінез-құлқын қайталай бастайды.
Үшінші жылға сәйкес келетін үшінші деңгей – бауыр басудың адалдық арқылы көрініс табуы. Бала ең жақын адамын айналасындағылардан қызғана бастайды, оның жалғыз "иесі" болғысы келеді.
Төртінші деңгей (4 жас) – балада өзінің ең жақын адамының өмірінде маңызды рөл ойнайтынына сенімділіктің пайда болуы. Ол өзін бағалағанын қалайды.
Бесінші деңгей – бала махаббаттың не екенін ұғына бастайды. Жақсы көретінін айтып, жүректің суретін сала бастайды.
Алтыншы деңгей бұл кезеңде бала ең жақын адамымен бар сырын бөлісіп, өзін еш сынсыз қабылдағанын қалайды.
27 қазан 2022 ж. 320 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031