Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс сайлауына, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 200 миллиардтан аса қаржы сұралды

Мәжіліс сайлауына, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 200 миллиардтан аса қаржы сұралды

Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге 220 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Мәжілісте "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралды.
Заң жобасын қарау барысында депутаттар 2023 жылға арналған заң жобасына түзету енгізуді ұсынды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы мөлшерін ұлғайту, бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын ұлғайту, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны монетизациялау, жастарды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға депутаттар 219,9 миллиард теңге бөлуді ұсынды", - деді Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин.
Оның айтуынша, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жекелеген шараларды жүзеге асыруға 14,7 миллиард теңге бөлу ұсынылды.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымдары бойынша сыйлықақы төлеуге - 35 миллиард.
Айта кетерлігі, 2023 жылға республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 21 триллион 2,9 миллиард теңге көлемінде жоспарланған.
19 қазан 2022 ж. 236 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 119

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031