Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Педикулезден арылудың екі жолы бар - эпидемиолог

Педикулезден арылудың екі жолы бар - эпидемиолог

Педикулезден қалай сақтану керек және паразиттен құтылудың амалы қандай? Бұл сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы жауап берді, деп хабарлайды inform.kz.
Маманның айтуынша, педикулез бірнеше жолмен жұғады. Педикулезі бар адаммен бір тарақпен таранып, бір сүлгімен сүртінсе, бит сіздің шашыңызға ауысады.
«Балабақшада, мектепте, өзен-көл, жағажай, бассейн сияқты көпшілік шомылатын орындардан да педикулезды жұқтырып алу қаупі бар. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау керек», - дейді спикер.
Сонымен қатар, ол педикулезден арылудың екі жолы бар екенін айтты.
«Одан құтылудың екі жолы бар. Ол - механикалық және химиялық әдіс. Яғни, қолмен тазалау және түрлі арнайы сусабындарды қолдану. Сусабын, лосьон, аэрозольді мамандандырылған дәріханадан алу керек. Қолданар алдында ішіндегі нұсқаулықпен танысып, соны сақтаған жөн», - дейді эпидемиолог.
Сонымен қатар, ол педикулезді болдырмау мен одан айығу үшін бірқатар кеңес берді:
- Басты жиі жуу керек;
- төсек жабдығын апта сайын ауыстыру қажет;
- үйді тұрақты тазалап тұру қажет.
- балаға біреудің баскиімін киіп, мойынорағышын тағуға болмайтынын түсіндіру керек.
14 қазан 2022 ж. 507 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 22

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 17

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31