Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес

Президент: Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес

Халықтық коалиция форумында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің өкілеттігі жайлы айтып, бір адамның билікте ұзақ уақыт болуын құптамайтынын жеткізді. Бұл туралы kazlenta.kz БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тағы бір бастама – президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды. Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс", – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін елордада кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы өтті. Халықтық коалиция Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.
07 қазан 2022 ж. 309 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 99

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 83

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 70

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031