Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық желілерді цифрландыруды көздейтін заң жобасы дайындалуда

Коммуналдық желілерді цифрландыруды көздейтін заң жобасы дайындалуда

Парламентте қала құрылысы сараптамасы мен коммуналдық желілерді цифрландыруды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
«Мемлекет басшысының Жолдауында халық пен бизнеске жер учаскелері мен инженерлік схемалар туралы ашық ақпарат беру қажеттігі туралы айтылған болатын. Сол үшін бүкіл ел аумағы бойынша бірыңғай Қала құрылысы кадастры мен сараптамасы енгізіліп жатыр. Жер учаскелері мен инфрақұрылым желілерінің интерактивті картасы дайындалуда. Ол тұрғындар мен кәсіпорындарға инженерлік және коммуналдық нысандарға жедел қосылуға мүмкіндік береді»,- деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, қала құрылысы сараптамасы қалалы жердегі бейберекет және сапасыз құрылыстарды тоқтатуға, қала тұрмысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Бұл шаралар құрылысты жобалау кезінде қаражатты барынша үнемдеуге және құрылыс талаптарын қатаң сақтауға мүмкіндік береді. Интерактивті карталарда бос жатқан жер учаскелері мен инфрақұрылым туралы соңғы мәліметтер болады. Қазіргі уақытта Парламентте қала құрылысы сараптамасы мен коммуналдық желілерді цифрландыруды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр. Индустрия және Ауыл шаруашылығы министрліктері осы заң жобасының сапалы әрі жедел талқылануын қамтамасыз етуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.
04 қазан 2022 ж. 377 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930