Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі - ТЖМ

Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі - ТЖМ

Олардың жалақысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының еңбекақысымен теңестіріледіӨрт сөндірушілердің жалақысы өседі. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлімдеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілінің айтуынша, елімізде өрт сөндірушілер алғашқы жұмыс жылында шамамен 115 мың теңге жалақы алады, ал еңбек өтілі 20 жыл болса, оның жалақысы 200 мың теңгеден асады. Қазір жалақы мәселесін шешу министрліктің күн тәртібінде тұр.
«Бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық жабдықталуы 69 процентке тең. Жыл сайын бюджеттен өрт сөндіру техникасын сатып алуға тиісті қаражат бөлінеді. Бірақ біз қолданатын автоцистерналардың бағасы 90 миллион теңгеден асады. Егер полиция қызметінің көліктерімен салыстыратын болсақ, біздегі техника 8 есеге қымбат. Сондықтан екі ведомствоға бірдей сома бөлінеді дейтін болсақ, біз басқа ведомствоға қарағанда әлдеқайда аз машина сатып аламыз. Осыны ескерген жөн», – деді Дмитрий Титов.
08 қыркүйек 2022 ж. 978 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031