Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізіміне қосымша әзірледі, деп хабарлайды egemen.kz.
Атап айтқанда, мерекелік күндер тізбесін келесідей толықтыру жоспарлануда:
20 тамыз - Электрондық коммерция күні.
«Жобаны қабылдау Қазақстанда электрондық коммерцияның ағымдағы жағдайы мен дамуына арналған іс-шараларды жыл сайын өткізуге, «электрондық коммерция күні» аясында электрондық коммерция саласының үздік жобаларын марапаттауға мүмкіндік береді», делінген түсіндірме жазбада.
Бұдан басқа, халық арасында электрондық коммерцияны танымал ету және онлайн-сатып алуды жүзеге асыруды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Оның ішінде электронды сауда алаңдары мен интернет-дүкендер арасында кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын жеңілдікпен сату бойынша акциялар мен онлайн жәрмеңкелер ұйымдастыру, бұл бірінші кезекте ата-аналарға (оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына) балаларды жаңа оқу жылына төмендетілген бағамен дайындауға мүмкіндік береді.
ИСМ-нің пікірінше, барлығы бірге электрондық коммерцияның дамуына айтарлықтай серпін береді, нәтижесінде бұл стратегиялық көрсеткішке қол жеткізуге әкеледі.