Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сәрсенбінің сәтті күні ел Президенті ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді. Онда шенеуніктермен елге қатысты бірнеше өзекті де, түйткілді мәселерді қозғап, олардың шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Жиында мәселенің бастысы, әрі өзектісі - азық-түлік бағасының күрт өсіп, яғни аспандап кетуі жайлы да айтылды.
– Жалпы, азық-түлік бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфлияцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаржы бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр, –деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Расында қымбатшылықтың себептерімен емес, салдарымен күресіп жатқандығын айтып, шын мәнінде керісінше болуы керектігін тілге тиек етті.
Алдағы уақытта үкіметтіктер жоғарыда айтылғандай мәселенің себептерімен күресіп, оларды оңтайландырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Баға қайта қолжетімді болып, елдегі айлығы шайлығына жетпей жүрген жандардың көңілі көншір еді.
Ақтілеу БӨРҚҰЛАҚОВ,
Қазалы аудандық кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы