Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйегі сексен жылда табылған

Сүйегі сексен жылда табылған

Қаншама айрандай ұйып отырған шаңырақтың ер азаматтары майданға аттанып, кері оралмады. Сан мыңдаған отбасының маздап жанған оты сөніп, аналар мен балалар еңіреп жылап қалды. Бірақ ұрпақтары барда батырлар бастаған ерліктің ізі өшпейді. «Қара қағаздың» келуін үреймен қабылдаған әрбір шаңырақ қайғысын көз жасымен жуып, әлі де болса тірі келер деген үмітпен өмір сүрді. Осындай ұлының жолын сарыла күткен шаңырақтың бірі – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, бүгінгі Бөзкөл ауылының тұрғыны – Мақсат Үркімбаевтың отбасы. Ардақты ұлдарын майданға шығарып салған әке мен шеше көз майлары таусылып, өмірден озғанша жол қараумен кетті. Әке мен ананың көзі тірісінде еш хабар болмаған ұлдарынан 80 жыл өткен соң, 2021 жылдың желтоқсан айында туған-туыстары қуанышты хабар алды.
Абзал ұлдары қазіргі Ресей Федерациясының Ленинград облысы, Кировск қаласы маңында ерлікпен қаза тапқан. Ресейлік «Щить» іздестіру тобының жемісті жұмыстарының барысында Ленинград облысы, Кировск қаласы, «Үлкен Воля» ауылы маңынан Ленинградты жаудан қорғауға қатысқан 41 жауынгердің сүйегі табылған. Іздестіру тобы 41 адамның тек үшеуінің ғана мәліметін анықтаған. Соның қатарында біздің жерлесіміз Кәрім Мақсатов бар.
Кәрім Мақсатов 1917 жылы Қазақ КСР-і, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №18 ауылдық кеңестің Андреев колхозында дүниеге келген. Кәрім ата соғыс басталысымен Қазалы аудандық әскери комиссариатынан майдан шебіне шақырылған. Соғысқа Ленинград майданының 54-ші Армиясы құрамындағы 122-ші танк бригадасының жауынгер-атқышы ретінде кірді.
Неміс басқыншылары Кеңес Одағына шабуылды үш бағытта бастаған. Соның бірі – Ленинград бағыты еді. Аз уақытта 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинград жаудың қоршауында қалды. Ленинградты қоршаудан босату Ұлы Отан соғысының тарихында маңызды рөл атқарған. Бұған жүздеген әскери құрама мен мыңдаған жауынгер жұмылдырылған.
Ленинградты қоршаудан босатуда қазақстандықтар айрықша ерлік көрсетті. Қазақстандықтар майдан шебінде қыркүйек-қазан айларында кескілескен ұрыстарға қатысып, Вермахт әскери бөлімдерінің Ленинградқа тікелей шабуыл жасауына кедергі жасады.
Ленинград қорғанысына, оның ішінде Минск-Синявинск шоқысы үшін болған шайқастағы Қазақстандықтардың үлесі Қызыл Армия командованиесі тарапынан жоғары бағаланған. Қазақстандықтар басқа да әскери бөлімдермен бірге, немістердің «Солтүстік» тобын талқандап, қаланы қоршаудан азат еткен. Ленинградты қоршаудан босатуға белсене қатысқан жерлесіміз – Кәрім Мақсатов 24 жасында ерлікпен қаза тапқан.
Бүгінгі ұрпақ аталарымыз бен әжелеріміздің біздің тыныштығымыз үшін жанын пида еткенін ешуақытта ұмытпаймыз. Халқымызда ұрпақтар сабақтастығы – өшпес мұра және таусылмас шежіре екені анық.
Үркімбай атамыздан Тілеубай, Мамыт пен Мақсат туған. Тілеубайдан Қожағұл және Мамыттан Емберген мен Алдамберген тараған. Ал Мақсат атамыздан Кәрім және қарындасы Қаншайым апамыз туған. Атамыздың жалғыз қарындасы Қаншайым 1991 жылға дейін көз жұмғанша бауырын әр күн сайын күтумен жүргенін, келіні Артық пен немересі Бауыржан айтып берді.
Кәрім ата туралы хабарды ести сала Алдамберген ұлдары Құдайберген мен Байболат және Сымбат Қожағұлқызы бастама жасап, тағы басқа бауырлар Емберген немерелері Бақытжан мен Сақитжан, атамыздың туған жиендері Бауыржан, Қайраттың қолдауымен Кәрім ата топырағын елге әкелу, құран бағыштау барысын ұйымдастырды.
2022 жылдың 28-ші мамырында Кәрім атаның ағасы Мамыт атаның немересі Байболат пен Қаншайым әжеміздің немересі Бауыржан Ленинград қаласына барып, жауынгер Кәрім Мақсатовтың жерлеу рәсіміне қатысып қайтты. Бауырлары аталары дүниеге келген жердің қасиетті топырағын Еуропа жерінде жатқан сүйегіне салды. Сонымен бірге Кәрім ата жерленген жердің топырағынан әкеліп, арнайы Бозкөл ауылына кіре берістегі «Алдамберген төбе» атанған немере бауыры Алдамберген жанына жерлеп, туыстары атынан белгі ескерткіш орнатты.
Алдағы 2022 жылдың 3 шілдесі күні Үркімбай аталарынан тараған ұрпақтар қан майданда қапыда кеткен жауынгер Кәрім Мақсатов рухына арнап ас бергелі отыр. Ата-баба рухын қолдаған ағайынға ризашылығымыз шексіз. Осындай бірлігі жарасқан Тілеубай, Мамыт және Мақсат ұрпақтары, бірліктерің мәңгі жарассын дейміз.
Мақсат ұлы Кәрім еді,
Күткен ата-анасы,
80 жылда рухымен, Табысты туған даласы! – дей отырып, бүгінгі ұрпақ біздер олардың ерлік істерін әрдайым ұлықтап, мақтан етеміз.

Мәди ЕСЕНКЕЛДІ,
Бірлік ауылы, №102 орта мектебінің 10-сынып оқушысы,
Кәрім атаның рулас ұрпағы
14 маусым 2022 ж. 408 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031