Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы қорындағы ақшаны қадағалаудың бірнеше тәсілі бар – БЖЗҚ

Зейнетақы қорындағы ақшаны қадағалаудың бірнеше тәсілі бар – БЖЗҚ

Өзінің жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – БЖЗҚ салымшыларының заң жүзінде бекітілген құқығы, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі тәсілдермен алуға болады: электрондық тәсілмен:
- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы;
- жеке кабинет арқылы;
- БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде;
- пошта байланысы арқылы», деп жазды ведомство.

Бәрінен де enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы хабарлау әдісі ең көп сұранысқа ие. Бұл хабарлау тәсілін 6,3 млн-нан астам ЖЗШ иесі пайдаланған. Аталған көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 20 есеге артық.

«Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы ақпаратты қашықтан алудың тағы бір форматы – салымшы өзі таңдаған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын) БЖЗҚ-ға ұсынған мекенжайға ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу. Биылғы екінші жартыжылдықта 800 мыңға жуық адам хабарлаудың осы тәсілін таңдады. Мамыр айынан бастап зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша ЖЗШ өтінішсіз ашылуда. ЖЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі «БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасаған кезде» деп автоматты түрде белгіленеді, оны салымшы (алушы) өз бетінше өзгертуге құқылы», деп түсіндірді қордың баспасөз қызметінен.

Ондағы жазбаға қарағанда, ақпарат алу тәсілін анықтау немесе өзгерту мақсатында салымшы тиісті келісімді БЖЗҚ кеңсесінде немесе БЖЗҚ сайтында жасауы қажет.

Айта кетейік, БЖЗҚ сайтында бір ғана – «жеке кабинет арқылы» хабарлау әдісін таңдауға болады; салымшы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның сайты мен мобильді қосымшасы және электрондық үкімет арқылы келісім жасаспай-ақ ала алады.

«Бөлімшеге келіп тікелей ақпарат алу тәсілі әлі де танымалдығын жоғалтқан жоқ. БЖЗҚ кеңселерінде 3,1 миллионнан астам салымшы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алды. Дәстүрлі пошта байланысы арқылы ЖЗШ-дан үзінді көшірмесін алуды жөн көретін салымшылардың (алушылардың) саны айтарлықтай азайған – шамамен 1 млн. Мәселен, 2014 жылдың маусымында бұл көрсеткіш 4 млн-ға жетіп, қазіргіден 4 есе көп болатын. Айта кетерлігі, егер салымшы осындай хабарлау тәсілін таңдаса, БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістерді, оның ішінде тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы хабарды күнтізбелік 10 күн ішінде қорға хабарлауы қажет», деді ведомстводан.
13 маусым 2022 ж. 422 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031