Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан инвесторлар үшін ашық есік саясатын жалғастырады

Қазақстан инвесторлар үшін ашық есік саясатын жалғастырады

Қазақстан инвесторлар үшін ашық есік саясатын әрі қарай да жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Инвестициялық ахуалды одан ары жақсарту және инвесторлардың құқығын қорғауды күшейту - Қазақстанның стратегиялық мақсаты екенін атап өткім келеді. Қазақстан Орталық Азияда инвесторлар үшін барынша тартымды бағыт ретінде қалып отыр. Өткен жылы шетелдік әріптестер эконмикамызға шамамен 24 млрд доллар салды. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 38 пайызға жоғары. Қазірдің өзінде экономиканың негізгі емес секторында елімізге келген барлық шетелдік инвестицияның 60 пайыздан астамы салынған», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті бүгінде мемлекет инвесторларға жүзден астам фискальды және фискальды емес құрал ұсынатынын айтты. «Қазақстан инвесторлар үшін ашық есік саясатын бұдан кейін де жалғастыра береді. Қазіргі геосаяси түпкі мәнде шетелдік компаниялармен тікелей ынтымақтастық орнату үшін институционалды жағдай жасауға дайынбыз. Бұл Қазақстанға шетелдік компаниялардың көшіп келуін немесе бірлескен кәсіпорын құруын қамтиды. Біз инновацияны дамытуға және адами капитал деңгейін арттыруға баса мән береміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

09 маусым 2022 ж. 305 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930