Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін дүниежүзілік мұхит күні

Бүгін дүниежүзілік мұхит күні

Мұхиттар жер бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр. Оларда ғаламшардың 80 пайыз тіршілік иесі өмір сүреді. Адамның араласуымен осы экожүйенің тепе-теңдігі бұзылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған зерттеуде мұздықтардың еруі бірнеше есе артқаны, мұхит суының жылы әрі қышқыл болып бара жатқаны айтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Петтери Таалас, Дүниежүзілік метеорология ұйымының бас хатшысы: - Парниктік және көмірқышқыл газы мен метан көлемі ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. 2020 жылы коронавирусқа байланысты жаппай жарияланған карантиннен ешқандай пайда болмаған. Теңіз деңгейі де тез көтеріліп келеді. 20 жыл бұрын су деңгейі жылына 2 миллиметрдей ғана жоғарылайтын. Ал қазір 4,4 миллиметрге өсетін болған. Әсіресе, мұхит жағасында тұратын елдерге қиын. Австралия маңындағы мұхит табанында жатқан Үлкен маржан жартастар жойылып барады. Кения тұрғындары жағаны есепсіз пластиктен тазалап әлек. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы алдағы 30 жылда өзен-көлдерде, теңіздер мен мұхиттарда пластик көлемі 3 есе артады деп, дабыл қағуда. Асма Авад, Табиғатты қорғау жөніндегі дүниежүзілік қор менеджері: - Қоқыс тастайтын адамдардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы нысандары мен өндіріс орындарының іс-әрекетіне тосқауыл қойылмаса, лас қалдықтар Үнді мұхитына қауіп төндіріп тұр. Мұхит ластанса, климат нашарлайды. Өйткені су табиғатты реттеп тұратын ең негізгі күш. Осы ретте Португалияда мұхит мәселесіне арналған әлемдік конференция өтпек. Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандары әрбір тұрғынды жергілікті өнімді тұтынуға шақырады. Себебі импортты арзан тауарлардың 90 пайызы кеме арқылы жеткізіледі. Олар көбіне пластикке салынады.
08 маусым 2022 ж. 467 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930