Жыл сайын экологиялық проблемалардан 13 млн адам қайтыс болады
Бұл туралы «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының өкілі мәлімдеді. Белгілі болғандай, инфекциялық емес аурулардың өсуіне экологиялық проблемалар әсер етіп отыр.
Елімізде қалдықтар индустриясы мен қоқысты қайта өңдеу жүйесі нашар дамыған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі бір қағидаттар мен тетіктерді қолданбай, осы салада жетістікке жету мүмкін емес. Түбегейлі өзгерістерге қол жеткізу үшін мемлекеттің, қоқыстарды кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындардың және еліміздің әрбір тұрғынының бірлескен өзара іс-қимылы қажет, - деп атап өтті Экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.
ДДСҰ-ның 2012 жылғы зерттеуінде ашық кеңістікте және үй ішінде ауаның ластануы салдарынан жүрек-қантамыр, созылмалы тыныс алу аурулары мен өкпе обырынан 7 млн-нан астам адам қайтыс болған. Экологиялық проблемалар әлемдегі барлық мезгілсіз өлімнің 23%-ы сәйкес келеді. Яғни жыл сайын қоршаған орта факторларынан шамамен 12-13 млн адам қайтыс болады.
Бұл проблема еліміз үшін де өзекті. Себебі республикамыз ауа сапасы бойынша былтыр 106 елдің ішінде 32-орынға табан тіреген. ТМД елдері арасында Украина, Түрікменстан және Ресейдің жағдайы Қазақстанға қарағанда жақсы дейді сарапшылар. Ал Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Армения керісінше, нашар.
#Айгүл Соловьева #экология #адам өлімі