Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған құжат бойынша баяндама жасаған Дархан Мыңбайдың айтуынша, заң жобасын пысықтау барысында депутаттар құжаттың мазмұнын, жалпы сапасын жақсартатын түзетулер енгізді. Оның ішінде: - биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың құзыреттері мен өкілеттіктерін нақтылау бойынша түзетулер қабылданды; - биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау тетіктерін жетілдіру мақсатында заң жобасы жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін реттейтін жаңа баппен толықтырылды; - ақпарат алмасу бөлігінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары, оларды оқшаулау мен жоюға қатысу жүзеге асырылатын төтенше жағдайлардың түрлері нақтыланды; - патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг тетіктері нақтыланды; - биологиялық қатердің туындау және оларды жою жағдайларында қолдануға арналған дәрілік заттарды, препараттар мен медициналық бұйымдарды жедел мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі көзделген; - патогенді биологиялық агенттерді жіктеу критерийлері нақтыланды; Адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ауру жағдайларын биологиялық қатерлерге жатқызу мәселелерін реттейтін нормалар пысықталды. Атап айтқанда, адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ауруы бойынша нақты қандай статистикалық және есептік деректердің артуы елдің биологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні нақтыланды. «Сондай-ақ, заң жобасының нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер, редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілді. Жұмыс тобының 20 отырысы, сондай-ақ бас Комитеттің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді. Салыстырмалы кесте қабылданған 307 позициядан тұрады. Мәжілістің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді», - деді Дархан Мыңбай. Осыдан кейін депутаттар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Парламент Сенатының қарауына жіберді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/mazhilis-biologiyalyk-kauipsizdik-turaly-zan-zhobasyn-makuldady_a3916950
30 наурыз 2022 ж. 283 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 62

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 52

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930