Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Омикрон штамын жеңдік» – Денсаулық сақтау министрі

«Омикрон штамын жеңдік» – Денсаулық сақтау министрі

Министр омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған, деп хабарлайды sn.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге күрт төмендегенін түсіндірді.
Министр омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған - биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.
"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта екенін еске салды.
Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып келеді. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады", - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.
Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов Ashyq қосымшасы алынып тасталғанына қарамастан, ғимарат ішінде маска режимін сақталатынын айтқан болатын. 
19 наурыз 2022 ж. 409 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 239

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031