Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери мектеп түлектері мектеп көрмесімен танысты

Әскери мектеп түлектері мектеп көрмесімен танысты

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығының аясындаҚазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» Қызылорда қаласындағы филиалының курсанттарымектеп көрмесімен танысты.
Ерте кездердегі Ел батырлары мен жауынгерлерінің көрсеткен ерліктерін осы көрмелер арқылы көз алдыңнан өткергендей боласың. Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы сияқты қайғылы беттер туралы тарихи жадыны сақтауда көрмелердің маңызы зор.
Сол мақсаттаәскери мектептің жас сарбаздарымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, осы мектепте орналасқан қазақ елінің соғыс жылдарындағы ерлік көрсеткен батырларына арналған Әскери көрмені тамашалауұйымдастырылды.Мекеме тәрбиешілерінің жетекшілігімен курсанттарға соғыс тарихы, аталарымыздың жасаған ерліктері мен өмірбаяндары айтылып, майдандағы қолданған қару-жарақ түрлері таныстырылды. Сонымен қатар, қазақ жауынгерлері мен батырларының қаламынан туған шығармалары, нақылға айналған ұтқыр сөздері және батырлық жайлы айтқан пікірлері де баяндалды.

Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебінің директорының орынбасарыҚайраддин Баймаханов барлық кезеңдегі курсанттармен ұйымдастырылатын Әскери көрмені аралаужас жауынгерлердің жауынгерлік сабақтарды өту алдындағы рухани күш пен серпін алуында және әскери тәртіпке бейімделуіндеөзіндік орны бар екенін атап өтті.
«Бүгінжауынгер достарыммен әскери-техникалық мектептіңкөрмесін тамашаладық.Тарихи сәттерді көз алдымыздан өткергендей болдық. Әскери ант қабылдау алдындаОтанымыздың тарихи өмірінен таныс болғаныма қуаныштымын. Түлектердің атынан ұстаздар мен басшылық ұжымға алғысымды айтамын», - деді әскери-техникалық мектебінің түлегі МағжанСайлау.
Танымдық орындардың, яғни, көрмелердің курсанттарға әскери тәрбие берудегі, ата-бабалардың ерлігін есте сақтаудағы рөлі зор. Бейбіт еліміздің жас жауынгерлері үшін патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында әскери-техникалық мектепке қабылданған жас курсанттармен оқу алдында осындайкөрмемен танысу ұйымдастырылады.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант
15 наурыз 2022 ж. 595 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031