Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақстан халқына" қорына қалай жүгінуге болады?

"Қазақстан халқына" қорына қалай жүгінуге болады?

Қиын жағдайға тап болған немесе ауыр сырқатқа шалдыққан қазақстандықтар бүгінде 113 миллиард теңгеден аса қаражат жинап үлгерген "Қазақстан халқына" қорына жүгіне алады. Соған орай қалай көмек алуға өтініш беруге болатыны туралы нұсқаулар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қор сайтының мәліметінше, қазақстандықтарға көмек көрсету үшін сараптамадан өткен, еліміздің барлық облысында орналасқан және халықтың мәселесін шешуде айтарлықтай тәжірибесі бар ҮЕҰ тартылады.
Қор басқармасы бірінші кезекте қаржыландырылатын өтінімдерді бейтарап іріктеу үшін тәжірибесі бар сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, қоғам қайраткерлерінің көмегімен өтінімдерді іріктейді.
  1. Өтінімді atamekenim.kz сайтында рәсімдеу қажет;
  2. ҮЕҰ қолжетімді дерекқорды пайдалана отырып, енгізілген деректерді тексереді, қажет жағдайда қосымша құжаттар сұрайды;
  3. Жиналған құжаттарды қорға, өтінімдерді қарау жөніндегі бөлімге жібереді, қаржы ауқымы анықталғаннан кейін өтінім сараптамалық комитет қарауына жіберіледі, ол өтінімді бағалауы тиіс;
  4. Өтінімді қаржыландыру жөніндегі ақырғы шешімді қор басқармасы қабылдайды. Қор мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда өтінім қабылданбауы мүмкін. Мақұлданған жағдайда өтінім қаржыландырылады.
Ең алдымен, қор осы көмекті қажет ететіндерге, соның ішінде ең әлсіз және қорғалмаған азаматтарға көмектеседі. Олар үшін қордан берілетін көмек жаңа өмір сүруге немесе аман қалуға да мүмкіндік беруі мүмкін.
Қор барлық өтінішті шартты түрде екі бағытқа бөлді.
Атаулы әлеуметтік көмек:
  • ауыр, сирек кездесетін аурумен ауыратын және мүгедектігі бар балалар, қауіпті ауру дамуы және болашақта мүгедектік қаупі бар сәбилер;
  • жетім балалар немесе қиын жағдайға тап болған балалар;
  • өмір сүру жағдайы табыс пен тұрғын үй жағдайларының ең төменгі стандарттарына сай келмейтін балалары бар отбасылар, соның нәтижесінде өмірге қауіп төнеді.
Даму бағдарламалары:
  • балаларға арналған спорттық және білім беру инфрақұрылымының дамуы мен қолжетімділігіне ықпал ету;
  • мүгедек, ауру не әлеуметтік бейімделуінде мәселе бар баланы асырап алған, қорғаншылықты, қамқоршылықты немесе патронаттық тәрбиені ресімдеген отбасыларға көмек көрсету;
  • қиын жағдайда балаларға көмек көрсету үшін білім беру мекемелерімен өзара әрекет ету;
  • сәбилер үшін медициналық қызметтердің дамуына және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • жетім балалар мен мүгедек адамдарға спорттық протездер, жабдықтар алу үшін жәрдемдесу;
  • дарынды балалардың дамуына ықпал ету;
  • медицинаның қолжетімділігі;
  • табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жәрдемдесу.
Қор көмек басымдық өтінімді алғаш кім бергеніне байланысты болмайтынын айтты. Сарапшылар әр жағдайдың өзектілігі мен ауыр екеніне назар аударады.
"Қор қазақстандықтардың барлық мәселесін бірден шеше алмайды. Сондықтан ең өзекті мәселелерді шешкен кезде ғана болашақта басқа мәселелерді шешуге көшуі мүмкін", - деп түсіндірді қор өкілі.
04 ақпан 2022 ж. 431 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031