Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан. Тәуелсіздіктің 30 жылы» кітабы жарық көрді

«Қазақстан. Тәуелсіздіктің 30 жылы» кітабы жарық көрді

Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан. Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды egemen.kz
Жаңа кітап ҚР Премьер-Министрі Асқар Ұзақпайұлы Маминнің алғысөзімен жарық көрді. Ал оның ішіндегі талдамалық мақаланы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов жазған.
Кітапта «Тәуелсіздік шежіресі» айдарымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи рөлін сипаттайтын тарихи фотосуреттер берілген.
Бұдан бөлек ордалы отыз жыл ішіндегі облыстардың жеткен жетістіктері туралы аймақ және қала әкімдері жазған мақалалар шоғырланған.
Кітап «Саус-Ойл» ЖШС мұнай-газ компаниясы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Холдингі» ЖШС-терінің демеушілігімен шыққан. Авторы және құрастырушысы Мұхаметалина Раушан Қайырбекқызы.
Мерейтой қарсаңында орыс және ағылшын тілдерінде жазылған кітап Қазақстан, ЕАЭО елдері, ТМД және алыс шетелдегі оқырмандарға арналған.
Кітаптың негізгі міндеті – шетел оқырмандарына Қазақстанды экономикасы, индустриясы дамыған және бизнестің барлық салаларында үлкен өсу әлеуеті бар ел ретінде таныстыру.
13 желтоқсан 2021 ж. 361 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930