Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» № 46 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды egemen.kz
Аталған өзгертулерге сәйкес, «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасымен екпе жүргізуге қатысты әдістемелік ұсынымдар дайындалды.
Атап айтқанда, бұл вакцинамен КВИ-ге қарсы вакцинациялауға 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін); лактация кезеңіндегі әйелдер (босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін) жатады.
Сонымен қатар 12-ден 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер де КВИ-ге қарсы вакцинацияланады. Егу пункті жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты бір жақты ағымын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады. Егу кабинетінде егілетін адамдардың және медициналық бақылаудағы адамдардың жиналуына жол берілмейді. Бір мезгілде вакцинациялауға 3 адамнан асырмай шақыра отырып, егу кабинетінің алдында халықтың көп жиналуын болдырмай жеке вакцинация жүргізу ұйымдастырылады.
Жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, жүкті әйелдерге аллергиялық реакциялар, жедел қызба жағдайлары кезінде, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар кезінде вакцинация жүргізілмейді. Егер жүкті әйел жүктіліктің 35-37 аптасында КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алса, онда вакцинаның екінші дозасы босанғаннан кейін 42 күннен кейін енгізіледі.
Екі егудің арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптадан аспайды. Егер екі дозада абайсызда КВИ-ге қарсы вакциналардың әртүрлі типтері енгізілсе, онда пайдаланылған вакциналардың кез келгеніне қосымша дозаларды енгізу ұсынылмайды.
«Комирнати» вакцинасын (Pfizer, АҚШ) қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинацияны және ревакцинацияны алу туралы деректер КВИ-ге қарсы вакцинаның барлық алынған дозаларын рет-ретімен (егу жүргізілген күн, вакцинаның атауы, сериясы, өндіруші ел, доза) көрсете отырып, «Вакцинация» Модулінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.