Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖанШуақ» жүректерге нұр құяды

«ЖанШуақ» жүректерге нұр құяды

Жақында халықаралық «ЖанШуақ» қоғамдық сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі шараға облыс атынан Жәмет Жұмамұрат қатысып қайтты.
«Nur Otan» партиясының қолдауы, Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы бірлестігі бастамасымен жүзеге асқан шексіз мүмкіндіктер алаңында арнайы шақырылған қонақтарды марапаттау, олардың жетістіктері мен еңбектеріне арналған көрмені тамашалауға «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, министрлік өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері мен еліміздегі түрлі сала өкілдері қатысты.
Аталмыш сыйлық мәдениет, спорт, білім, кәсіпкерлік, эстрада сынды өнер түрінен жетістікке жеткен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген.
– ҚР Тұңғыш Президент музейінде болған шараға Республикадан 59 адам қатысты. Олардың қатарында мүгедектерге қызмет көрсетушілер, кәсіп ашып, жұмыс істеп жатқандар қамтылды. Қызылорда облысынан маған бару мүмкіндігі бұйырыпты. Марапаттан өзге естелік сыйлық табысталып, музейді аралау, концерттік бағдарлама сынды мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Онда шақырылған, денсаулықтарына қарамай, қайсарлық пен қажырлықтың ерен үлгісін көрсетіп отырған отандастарымыздың әрбірінің өмірі өнеге, ісі үлгі. Мәселен, марапатталғандардың бірі оралдық арудың аяқсыз Эверест шыңын бағындырғанын біліп, қуандық. Атыраудан параолимпидашы қыз келді. Алматылық бір кәсіпкер тіл мүкістігі бар адамдарға арналған орталық ашқан. Шымкенттік қарындасымыз қолөнер бұйымдары цехында мүгедектермен жұмыс істесе, оның жерлесі шетелдік тәжірибемен балаларды дамыту орталығы жұмысын жүргізіп, әдістемелерін өзге елдерге таратып үлгерген. Қай-қайсысы да қоғамнан тысқары қалып отырған жоқ, – дейді ауданнан барған өкіл.
Жәмет Жұмамұрат – «Қазалы Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамдық бірлестігінің президенті. 2018 жылдан бері осы салада іс атқарса, 2021 жылдан бері бірлестік тізгінін ұстап, Қазалыдағы мүмкіндігі шектеулі 93 жанға жеке қызметші, инватакси, жеке ымдау тілі маманы қызметін көрсетуге атсалысып жүрген азамат.
– Мүгедектерге елімізде барлық қамқорлық жан-жақты қарастырылуда. Жәрдемақы уақытымен беріледі. Қараушы-күтушілерге ақы төленуде. Бұл өз кезегінде өмірге құштарлығымен табанды, талпынысты топтың кедергісіз келешекке ұмтылуына қанаттындырып, жол ашады, – дейді ол әңгімесінде.

Алтын МЕЙІРХАНОВА
04 желтоқсан 2021 ж. 537 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 27

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 31

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 27

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031