Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ревакцинациядан алғаш кімдер өтетіні белгілі болды

Ревакцинациядан алғаш кімдер өтетіні белгілі болды

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады. Елордадағы №15 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Сыздықова бустерлік вакцинаны бірінші болып азаматтардың қандай санаттары алатынын айтты, деп хабарлайды egemen.kz
Коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация КВИ-мен күресте иммунитетті нығайту үшін жүргізіледі. Оны бірінші кезекте ауруға бейім азаматтар санаты алатын болады.
«Бірінші кезекте КВИ-ден алғашқы болып екпе алғандар – медицина қызметкерлері, педагогтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері вакцинамен қайта егіледі. Әрине, бәрі ерікті негізде. Сондай-ақ, бірінші кезектегі ревакцинациядан созылмалы аурулары бар адамдар, қарт адамдар өткені абзал, өйткені олар тәуекел тобына кіреді», деп түсіндірді Гүлнар Сыздықова.
Айта кету керек, ревакцинация мерзімі КВИ вакцинасының екі дозасын алған сәттен бастап 6 айдан 9 айға дейін өзгереді. Дәрігерлер сонымен қатар кросс-вакцинацияны, басқаша айтқанда, вакцинаның басқа түрін егуді ұсынады.
«Спутник V» алғаннан кейін ревакцинацияны 9 айдан кейін жүргізу керек, өйткені бұл – векторлық, күшейтілген вакцина. Отандық «QazVac» пен қытайлық «Vero Cell» – 6 айдан соң», деп нақтылады дәрігер.


09 қараша 2021 ж. 441 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031