Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент БҰҰ-да Қазақстандағы құрғақшылық туралы айтты

Президент БҰҰ-да Қазақстандағы құрғақшылық туралы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының жалпы дебаттарында климат дағдарысы туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы көмірқышқыл газдың өте жоғары деңгейіне, ормандардың өртке орануы, циклондар, су басу мен құрғақшылық адамдарға апат алып келетін қалыпты жағдайға айналып отырғанын атап өтті.
«Теңізге шығатын жолы жоқ ірі мемлекет болып саналатын Қазақстанның климаты тез өзгеріп жатыр, сонысымен халқымыз бен экономикамызға қауіп келтіруде. Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градуска жылынып, қазіргі уақытта әр бес жыл сайын қуаңшылық болып келеді. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Келесі айдан бастап біз 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын 50 пайызға азайтуға бағытталған 2050 жылға дейін көміртегі аз ұлттық стратегияны дамытуды бастаймыз», – деді президент.
Еске салсақ, биыл Қазақстан өңірлерінде құрғақшылықтан жем-шөп тапшылығы туындады. Әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының фермерлері қиын жағдайға тап болды. Маңғыстауда жем-шөптің жоқтығынан 3 мыңға жуық мал қырылған.
Ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшылар жыл соңына дейін қазақстандықтар үш миллионға жуық малынан айырылады деп болжап отыр. Алайда ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай пессимистік болжаммен келіспейді және ауыл халқына көмектесу үшін барлық шараны қабылдайтынына сендірді.
        kyzylorda-news.kz
23 қыркүйек 2021 ж. 298 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930