Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзде ауа райы қандай болатыны айтылды

Күзде ауа райы қандай болатыны айтылды

Суық ауа массалары солтүстік теңіздерден Қазақстан аумағының солтүстік жартысына қарай жылжып келеді. 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Қазақстанда қоңыр күз бола ма? "Қазгидромет" синоптиктері айтып берді, -деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қазақстанның солтүстігіне суық ауа массаларының келуімен түнде 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, ал күндіз ауа +8+ 12 градусқа дейін жылынады. Осы декаданың соңында оңтүстік аймақтарда температура сәл төмендейді: түнде +15+20 градустан + 5+15 градусқа дейін, күндіз +27+ 35 градустан +22+27-ге дейін.
"Үшінші онкүндіктің басында Иран аймақтарынан жылы ауа массалары шығарылған кезде, республика аумағында температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр. Алдымен, елдің батыс аймақтары жыли бастайды, мұнда күндіз ауа температурасы +20+25 градусқа дейін көтеріледі, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлері де жылиды. Солтүстік аймақтарда ауа +17+25 градусқа дейін, орталықта және шығыс өңірлерде +20+28 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде +28+33 градусқа дейін көтеріледі", - деді синоптиктер.
Метеорологтардың болжамынша, қоңыр күз қазанның екінші онкүндігінде де жылы күндерін сақтап тұрады.
"Алайда түнде температура төмен болады: батыста түнде +5+13 градус болады, күндіз ауа +23+28 градусқа дейін жылынады, солтүстік өңірлерде түнде +2+9 градус, күндіз +15+23 градус, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15 градус, күндіз +22+30 градус болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.
Қоңыр күз деп осы мезгілдің ұзақ, құрғақ, шуақты және салыстырмалы түрде жылы ауа райын айтады.

17 қыркүйек 2021 ж. 874 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 114

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 98

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 108

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031