Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды

Президент қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы  Ұлттық банк төрағасының биылғы 8 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде, сондай-ақ әлем экономикасының қайта қалпына келу барысында инфляциялық қатердің күшейе түскені туралы есебін тыңдады.
Президентке Үкіметпен бірлесіп бекітілген инфляцияға қарсы шаралар мен оны жүзеге асырудың негізгі бағыттары, сондай-ақ биылғы инфляцияның жаңартылған болжамдары туралы баяндалды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың табысы мен тұтыну деңгейінің артуына ықпал ететін Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің арта түскені жөнінде және Президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру барысы туралы мәлімет берілді.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің биылғы 8 айда 93,7 миллиард долларға дейін ұлғайғаны және Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 2,3 миллиард долларға дейін өскені туралы алдын ала деректер ұсынылды. 
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендетуге және халықаралық нарықтардағы құбылмалылықтың арту жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды.
           baq.kz

10 қыркүйек 2021 ж. 438 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 130

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031