Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепте барлық балаға екпе салынады - жалған ақпарат

Мектепте барлық балаға екпе салынады - жалған ақпарат

Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсінік беріп, оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы stopfake.kz-ке сілтеме жасап.  
WhatsApp мессенджерінде ата-аналарға арналған хабарлама тараған. «Биыл 1 қыркүйекте мектепке балаларыңызды жібермеңіздер. Үкімет балаларды мектепке жинаудағы мақсаты – оларға Pfizer вакцинасын салу. Сабақ офлайн форматта бірінші тоқсанда ғана болады. Олар (Үкімет) осы уақытты пайдаланып, мектепте барлық балаға вакцина салады. Екпе алған балалар қайтыс болуы мүмкін. Осындай жағдайлар болса, сабақ қайтадан онлайн форматқа ауысады», - деді белгісіз әйел дыбыстық хабарламада. Сонымен қатар белгісіз әйел биыл еліміздегі мектептерде қыркүйектен бастап күзетшілердің орнына жедел әрекет ету жасағы (ОМОН) қойылатынын, мектепте балалар тергеу изоляторына оқшауланатынын, мектеп автобустары оқушыларды белгісіз бағытта эвакуациялау үшін пайдаланылатынын айтады. Білім және ғылым министрлігі бұл ақпараттың өтірік екенін атап өтті. «Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде тергеу изоляторы кабинеті болмайды және жедел әрекет ету жасағы күзетпейді. Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылады. Олар ата-аналардың келісімінсіз басқа мекемелерге жіберілмейді. Ата-аналардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және осындай хабарламаларға сенбеуді сұраймыз», – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. Сонымен қатар БҒМ жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін еске салды.


30 тамыз 2021 ж. 327 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930