Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлақтың ауыруы "дельта" штамы симптомдарының бірі болуы мүмкін

Құлақтың ауыруы "дельта" штамы симптомдарының бірі болуы мүмкін

Дәрігерлер "үнді" штамында коронавирусқа тән емес жаңа симптоматика пайда болғанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды Express басылымы.АҚШ дәрігерлері коронавирустың "дельта" ("үнді"-ред.) штамын жұқтырғандарға тән жаңа симптом пайда болғанын анықтады. Олардың сөзіне сенсек, "дельтаны" жұқтырған науқастардың дені құлақтың қатты ауыратынына шағымдана бастаған. Дәрігерлер мұны құлақ қалқанының артында коронавирустық инфекцияның іздері бар сұйықтықтың жиналуымен байланыстыруда. Дәрігерлердің айтуынша, науқас алдымен тек тамағы ауырғанына шағымданады, содан кейін құлағы қатты ауыра бастағанын байқайды. "Құлақтың ауруы - бұл жалғыз симптом емес. Байқағанымыздай, ол басқа симптомдармен қатар жүреді", - дейді доктор Николь Фромманн. Әдетте, құлақтың ауыруы коронавирустың "дельта" немесе "альфа" штамын жұқтырған науқастарға тән белгілердің бірі болып табылады дейді ақ халаттылар.Бұл жолы ең көп таралғаны - қауіпті және жұқпалы "үнді" штамы болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір аптаның ішінде "дельта" тағы 15 елді әбігерге салған. Еске салсақ, бұған дейін британиялық ғалымдар коронавирус жұқтыру жағдайларының осы күзде тағы да өршуі мүмкін екенін ескерткен еді.
26 тамыз 2021 ж. 272 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 28

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930