Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұшаққа мінбес бұрын жолаушылардың салмағы өлшенетін болады

Қазақстанда ұшаққа мінбес бұрын жолаушылардың салмағы өлшенетін болады

Air Astana 2021 жылдың 9-31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті салмақ өлшеу ұсынылатынын мәлімдеді, деп хапбарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің теңгерімін орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл рәсімді қауымдастыққа мүше әуекомпаниялар әр бес жыл сайын жүргізеді.
Бақылау өлшеуі жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерде ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Рәсім құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтылыссыз лотереяға қатысады.
Air Astana әуекомпаниясының билеттерінің бағасына салмақ өлшеу рәсімі әсер етпейтініне және тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ғана жүзеге асырылатынына назар аударады.
09 тамыз 2021 ж. 414 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031