Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды

Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. 

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-на ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі.
Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.
Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Өкінішке қарай, қаңтар-маусым аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкер шекті балл жинай алмады. Олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет, – деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
04 тамыз 2021 ж. 600 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031