Ертең еліміздің бірқатар өңірінде 43 градус ыстық болады
Еліміздің синоптиктері 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.
Күндіз 26 шілдеде Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық, кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.Қарағанды облысының солтүстіктен жел соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерінде шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының кей жерінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с.
Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-43 градус қатты ыстық болжануда. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында 26 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады.