Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жатақханаға жайлылық жасалды

Жатақханаға жайлылық жасалды

Аудан көлемінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда 2 жатақхана халыққа қызмет көрсетуде.
Бүгінде Михайлюк №5Г жатақханасында 39 отбасы барлығы 126 адам орналасқан. Оған былтыр ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың шатыры мен терезелері ауыстырылды. Ғимарат ауласына балаларға ойын алаңы салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ал Біржан сал №1В жатақхана құрамында 151 адамы бар 55 отбасы уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз етілген. Биыл аталған ғимарат шатырының сынған бөліктерін ауыстырып, оның жиектеріне су ағар құбырын орнату жоспарланған.
Сондай-ақ балаларға ойын алаңын салу, жатақхана сыртын әрлеу және қоршау жүргізу көзделген. Ағымдағы жөндеу 2 айға созылады деп күтілуде. Оны уақытылы орындау міндетін мердігер мекеме «NСтрой Сервис» ЖШС жауапкершілігіне алған.
Серіктестік басшысының мәлімдеуінше, аталмыш жобаға 12 миллион теңге қаржы бөлінген. Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында 15-20 адам жұмысқа тартылды.
– Тапсырысты бір ай бұрын алып, кідірместен тиісті қызметімізге кіріскен болатынбыз. Биіктігі 1,5 метрден етіп, жатақхананың 362 метр аумағын қоршадық. Кейбір сынған терезені жөндеп, шатырды жамадық. Ойын алаңын салып, су ағар құбырында жүргізіп бітірдік. Енді сыртын сылап, сырлау сынды шаруаларын аяқтау ғана қалды. Діттеген істі уақытында тапсырамыз деген ойдамын, – дейді «NСтрой Сервис» ЖШС директоры Алжан Жеткербаев.
Мұнда тұрмыстық жағдайы төмен, жалғызбасты, толық емес отбасылар мекендеуде. Қазір дала кезіп жүрмей, баспаналы болғандарына дән риза. Солардың қатарында көпбалалы үйге мұқтаж аналар да бар.
– Көпбалалы ана ретінде екі жыл бұрын аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде жатақханадан 2 бөлмені алып, осында орналастым. Қазіргі таңда жатақханада тек пайдаланған коммуналдық қызметтерге 7 мың теңге төлеп, тұрып жатырмыз. Жылу жүйесі орталықтандырылған газ жүйесімен жылытылады, бөлмелер бірқалыпты температураны сақтайды, – дейді Айгерім Нағашыбаева.
Жатақханаға «Нұр-Саят2020» меншік иелері бірлестігі қызмет көрсетеді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
22 мамыр 2021 ж. 550 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 111

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 114

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 114

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 112

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 118

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031