Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңімпаздарды құттықтады

Жеңімпаздарды құттықтады

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.

Республикалық турнир 2021 жылдың 29 сәуір – 1 мамыр аралығында Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өткізілді.

-Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсізігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан спортының жарық жұлдызы, Сыр елінің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир бүгін өз мәресіне жетті. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ел спорты қарқынды дамып, спортшыларымыз әлемдік додаларда жоғары жетістіктерге жетіп, Көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатып келеді. Соның ішінде Элизабетті әлемдік спорт тарихында төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан спортының тарихында осы спорт түрінен қыздар арасында Әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы спортшы ретінде бәріміз мақтаныш етеміз. Бүгінгі дәстүрлі шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттырып, спортқа ынталандыра берері сөзсіз. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир биыл бесінші мәрте өткізіліп отыр. Аталған жарыста еліміздің он облысынан 5-18 жас аралығындағы спортшылардан жасақталған 10 команда, 250-ден аса мәнерлеп сырғанаушы қысқа және еркін бағдарламалар бойынша бақ сынады.
syrboyi.kz​​
02 мамыр 2021 ж. 1 238 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031