Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналду Пеленің рекордын жаңартты

Роналду Пеленің рекордын жаңартты

Футболдан Италия чемпионатының кезекті турында Туриннің «Ювентусы» сырт алаңда «Кальяримен» кездесті. Бұл матч 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды egemen.kz.
«Ювентустың» сапында жасындай жарқырап жүрген Криштиану Роналду осы ойында қарсыластар қақпасын үш мәрте дәл көздеп, хет-трик авторы атанды. Бұл доптарды ол 10, 25 және 32 минуттарда қақпаға тоғытты. Осылайша, әйгілі португалиялық футболшы өзінің спорттық карьерасында соққан голдар санын 770-ке жеткізіп, даңқты Пеленің өзінен асып түсті. Аты аңызға айналған Бразилия ойыншысы 767 рет нысананы дәл көздеген.
Кездесу аяқталған бетте Роналду «Пеленің ғаламат ойыны, оның алға қойған мақсаты және қол жеткізген табыстары жайында әсерлі әңгімелерді естіп өспеген ойыншы жер жаһанда жоқ-ау, сірә. Мен де солардың бірімін. Сол себепті де Пеленің рекордын жаңартып, әлемнің сұрмерген шабуылшыларының көшін бастауға күш-қуатымның жеткеніне дәл қазір ерекше шаттанып тұрмын. Мен Мадейрада доп теуіп жүргенімде осындай орасан зор көрсеткішке қол жеткіземін деп еш ойлаған жоқ едім», деп Роналду ағынан жарылды.


15 наурыз 2021 ж. 2 555 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930