Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік қозғалысына шектеу қойылды

Көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қызылорда облысында қар қалың жауып қолайсыз ауа райы қалыптасты. Осыған байланысты Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықта көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті мәлім етті. Департаменттің хабарлауынша, бүгін, 23 қаңтарда елорда уақытымен 12.15-тен бастап «Самара -Шымкент» автокөлік жолының 1912-2057 шақырымы аралығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. «Ол Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды. Жүргізушілерге жолда абай болып, жол ережесін сақтауын сұраймыз. Жылдамдықты асырмай, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертеміз», - деді аталған ведомстводан. «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК облыстық филиалының мамандары жолдың аталған аумағын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оған қажетті техникалар жұмылдырылуда.
23 қаңтар 2021 ж. 2 838 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031