Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсті

Ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсті

Былтыр да педагогтердің жалақысы 25 пайызға ұлғайтылған еді. 1 қаңтардан бастап елімізде педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Былтыр Президент тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 25 пайызға ұлғайтылған болатын. Биыл да олардың айлығы тағы 25 пайызға көбейіп отыр. Тек қана мектеп мұғалімдерінің ғана емес балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарының да еңбекақылары көбейіп жатыр. 
Сонымен қатар мұғалімдер біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша ала алады. Өз ісінің шебері болса, ай сайын еңбекақыға қосымша 50 пайыз төлем алып отыруға да болады. Пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін де қосымша ақы төленеді. Мұнан бөлек, өткен жылдан бастап магистрлік дәрежесі бар мұғалімдерге 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем беріле бастады.
Айта кету керек, колледжде, ЖОО-да және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан студенттердің стипендиялары 25%-ға ұлғайды. Ал педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 мыңнан 42 000 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 82 мыңнан 150 000 теңгеге дейін өсті.
04 қаңтар 2021 ж. 2 820 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 127

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 124

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 87

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031