Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Даму даңғылындағы Қазалы

Даму даңғылындағы Қазалы

Азаттықтың арайлап атқан әрбір таңы қазақ халқы үшін жеңіс пен жетістіктің даңғыл жолына айналғаны дұрыс. Озат отыздықты межелеген мемлекет халық үшін жақсы жағдай жасап, ауылдан бастап астанаға дейінгі аралықтың даму үдерісіне үлкен назар аударып отыр. Үстіміздегі жылда Қазалы ауданы үшін жақсы жаңалыққа толы болды. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, сапалы жолды көше саны артып, өмір сүру деңгейі өсіп келеді.
Оған дәлел биыл Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Атап айтар болсақ, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 9 жоба қарастырылған. 1084 адам жұмыспен қамтылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізіліп жатыр.
Бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ тартылып, Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылында 150 орындық клубтың құрылысы аяқталып қалды. Нысанның жалпы құны 230 млн теңгеден асады. Қазіргі кезде құрылыс аяқталуға жақын.
Аудан орталығында 1 қабатты 4 пәтерлі 10 жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Биыл басталған жобаның құны 431,053 млн теңге. Салынған үйлер құрылысына несие есебінен республикалық бюджеттен 285 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 125 млн теңгесі бүгінде игерілген.
Биыл пайдалануға берілетін Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы салынуда. Нысанның іргетасы қаланып, кірпіш қалау жұмысы жүргізіліп, төбе шатыры жабылып, терезелері салынды. Ішкі әрлеу және кафель жабыстыру жұмыстары жүргізілді. Мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Ғимаратта 600 орындық көрермендер залы, стол ойындарына арналған бөлме, мерекелік және салт-дәстүрді насихаттау залы, хор бөлмесі, бейнелеу өнері, кітапхана және оқу бөлмелері қарастырылған.
Кентте тағы бір кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Ол – сыйымдылығы 500 тоннаға арналған көкөніс, жеміс-жидек сақтау қоймасы. Облыстағы өзге аудандарда жоқ қойманы «АгроОптСервис» ЖШС салған. Аудандағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін оң қадам осы. Бұл айтқандарымыз жасалған ауқымды істің бір парасы. Қала мен кент аралығындағы қарқынды еңбек пен жұмыс қызған құрылыс сөзімізге дәлел.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
16 желтоқсан 2020 ж. 2 456 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031