Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырымбек Көшербаев: «Мұнай және уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық»

Қырымбек Көшербаев: «Мұнай және уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық»

Мемлекет басшысының индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру міндетін Қызылорда облысы 2013 жылдан бері іске асырып келеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
«Біз үшін бұл – бірден-бір жол. Себебі, өнеркәсіп өндірісінің 70%-ке жуық бөлігін мұнай мен уран өндірісі алып отыр. Ал, жеке мұнай ұңғымаларының бүгінде 98%-і суланып кеткен. Осы жәйттердің әсерінен біз өткен жылы тек бір ғана көрсеткіш – өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша оң векторға шыға алмадық», – деді аймақ басшысы.
Статистикаға сәйкес мұнай шығару жыл сайын орташа есеппен – 12, газ – 11, уран – 10%-ке төмендеді. 5 жыл ішінде облыста мұнай көлемі 4,2 млн тоннаға кеміді. Аймақтың даму қарқынын сипаттайтын қалған барлық макрокөрсеткіш бойынша Сыр өңірі оң динамикаға қол жеткізді.
«Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің арқасында биыл өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты көлем индексі бойынша 100 пайыздық деңгейге сенімді шығатын боламыз. Яғни, бес жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде мұнай және уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп айта аламыз. Бұл – ерекше маңызды жетістік», – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
14 ақпан 2018 ж. 1 337 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930