Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас жүлде – “Байқожада”

Бас жүлде – “Байқожада”

Бүгінгі таңда “Жайдарман” десе елең етпейтін жас­тар кездеспейді десек жаңылмаймыз. Қалжыңды сүйетін Қазалының жастары да бұл өнер түрінен кенде емес. Мәселен, Байқожа бекетіндегі №258 мектептің оқушылары әрбір қатысқан сайыста жүлделі орындардан көрініп, мақтанышымызға айналып үлгерді.
Шағын елді мекендегі Марат Кеулімжаев басшылық жасайтын мектепте білім алатын шәкірттер жуырда Қызылорда қаласында өткен сайыста топ жарды. Облыстық жастар ресурстық орталығына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Жас­тар кубогы – 2019” жайдарман фестивалінде студенттермен иық тірестіре өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Бұл жас жайдарманшылар үшін үлкен жетістік.
Бұған дейін байқожалықтар облыстық мектеп лигасында өнер көрсету үшін облыстық жастар саясаты қоғамдық бірлестігінің жолдамасын жеңіп алған болатын. Аталған сында да олар жерлестерін жерге қаратпай, ширек финалда өнегелі ойын өрнегін көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Данияр Қосмырза жетекшілік ететін “Байқожа” жайдарман құрамасы жас болса да өзде­рін аудандық деңгейде жақсы қырынан танытып үлгерген ұжым. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. Көңілді тапқыр­лар арасында “Нұр Отан” партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған “20 жыл – Жас­тар, жаңару, жаңғыру”, Қазалы қаласында өткен “Ұлы даланың жеті қыры” аймақтық жайдарман сайыстарында бас жүлдені жеңіп алды. Қазалы ауданының 90 жылдығы аясында “Сүйікті қалам – Қазалы” байқауында І дәрежелі дипломмен, “Жаңа бастауда” жас­тар кубогымен марапатталды.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
26 ақпан 2019 ж. 1 985 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031