Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда велоспортшылары ел чемпионы

Қызылорда велоспортшылары ел чемпионы

Астана қаласында ерлер мен əйелдер арасында тректегі велоспорттан ҚР чемпионаты өтті.

Тоғыз облыстан қатысқан ел чемпионатында Сыр велоспортшылары төрт күндік топтық сайыс нəтижесінде 3 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды.

Атап айтсақ, Əлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Роберт Гайнеев тұғырдың биік сатысынан көрінді.

Ағайынды Ғабиден Əзен күміс, Мади Əзен қола жүлделерді иеленді.

Ал Игорь Юсифовке төртінші орын бұйырды. Айта кетейік, бұл биылғы жылдың соңғы жарысы.

Спортшылардың жаттықтырушылары: Руслан Ягафаров, Жандос Махамбетов.
29 қараша 2018 ж. 927 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 56

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 61

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930