Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Астанада қандай жарыстар өтетіні белгілі болды

Биыл Астанада қандай жарыстар өтетіні белгілі болды

Фото: gov.kz
2024 жылы Астанада бірнеше ауқымды халықаралық спорттық іс-шара өтеді. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Еркеғали Корбозов спортшылар дайындықты бастап кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
27 қаңтарда еліміздің бас шаһары алғаш рет жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold – Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясындағы беделді жарыстарды өткізеді. World Indoor Tour Gold әйгілі «Гауһар лига» сериясының аналогы болып саналады және жыл сайын әлемдегі ең үздік спортшылардың басын қосады.


World Indoor Tour Gold күнтізбесіне әлемнің жеті қаласы ғана кіреді:
- Астана, Қазақстан (27 қаңтар 2024 ж.);
- Острава, Чехия (30 қаңтар, 2024);
- Бостон, АҚШ (4 ақпан, 2024);
- Торун, Польша (6 ақпан, 2024);
- Льевен, Франция (10 ақпан 2024);
- Нью-Йорк, АҚШ (11 ақпан, 2024);
- Мадрид, Испания (23 ақпан, 2024).

Турнирге әлемнің 45 елінен 136 спортшы қатысады.
Елордада 1-5 ақпан аралығында ересектер арасында грек-рим және еркін күрестен ел біріншілігі өтеді. Оған 17 облыстан және Алматы, Астана, Шымкент қалалары спортшылары қатысады. Айта кетсек, Наурыз мерекесіне орай елордада бірқатар жарыстар жоспарланған. Мысалы, спортшылар асық ату, арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру бойынша сынға түседі. Сондай-ақ наурыз айында көркем гимнастикадан халықаралық турнир өткізу жоспарланып отыр.

Биыл «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024» әлемдік турнирі Алматыдан Астанаға ауыстырылғаны мәлім. Жарыс 10-12 мамырға жоспарланған. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жылдың басты спорттық іс-шараларының бірі болмақ.
Қараша айында Астанада самбодан әлем чемпионаты жоспарланған.
Биыл Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми отырысында хабарланған.
23 қаңтар 2024 ж. 1 327 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 107

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031