Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан қоржыны алтыншы «алтынмен» толықты

Қазақстан қоржыны алтыншы «алтынмен» толықты

Қазақстан құрамының велосипедшісі Евгений Федоров Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы алтын медаль салды, деп хабарлайды egemen.kz
Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында ерлер арасында 210 шақырымдық топтық шосседе велоспорттан жекелей жарыс өтті.
Қазақстан құрамасынан старт сызығына төрт спортшы шықты. Олар: Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Алексей Луценко. Федоров пен Луценко жарыстың алғашқы кезеңдерінде сенімді түрде алға шықты. Жарыстың нәтижесі бойынша, Евгений Федоров алтын жүлдегер атанса, Алексей Луценко күміс жүлдені жеңіп алды. Тағы айта кететін жайт, екі спортшымыз да бірдей уақытта мәреге жетті (4:25:29).
Қола Моңғолия өкілі Жамбалцамет Сайбаярға бұйырды. Груздев бесінші, ал Брусенский 18-болып мәреге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алексей Луценко Азия ойындарында уақыт бойынша жекелей есепте алтын алған болатын.
Осылайша, Қазақстан қоржынында қазір 53 медаль бар: алты алтын, 12 күміс және 35 қола.
Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанда аяқталады.
05 қазан 2023 ж. 470 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031