Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасы соккадан әлем чемпионатының жеңімпазы болды

Қазақстан құрамасы соккадан әлем чемпионатының жеңімпазы болды

Астана уақытымен маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Германияның Эссен қаласында соккадан әлем чемпионатының финалдық матчы өтті, онда Қазақстан мен Украина құрамасы бас жүлдеге таласты, деп хабарлайды inform.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ойынды реванш деп те атауға болады. Себебі командалар 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездесіп, онда Украина 6:2 есебімен басым түскен еді.
Оныншы минутта Абай Елемесов қазақстандықтарды алға шығарса, 14-минутта Алтынбек Мырзабеков есепті еселеді. 18-минутта қарсылас команда ойыншысы Андрей Мельник алғашқы голын соқса, 37-минутта дубль авторы атанып, есепті теңестірді.
Матчтың негізгі уақыты тең аяқталып, ойын буллит сериясымен жалғасты. Онда қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 4:3. Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет соккадан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді. 2022 жылы ұлттық команда финалдық матчта Бразилиядан 0:3 есебімен жеңіліп, «күмісті» қанағат тұтқан болатын. Сокка – шағын футболдың бір түрі. Айырмашылығы ойыншы саны мен алаңның көлемінде. Матч 20 минуттан екі тайм болады және әр командада 6 ойыншыдан қатысады.
12 маусым 2023 ж. 534 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 144

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 138

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031