Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

"Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

13 қыркүйек күні "Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы ойынын өз айдынында "Тракторға" қарсы өткізді.
Чемпионат басталысымен Челябинск командасы бес кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Гатиятулиннің шәкірттері сол екі матчта да ойынды овертаймға дейін жеткізді. Соңғы турда "Трактор" "Сібірден" 3:2 есебімен басым түсті. Бес кездесуде Челябинск командасы төрт ұпай жинап қазір Шығыста сегізінші орынға жайғасты.
"Барыс" біріншілік басталысымен біраз есеңгіреп қалды. Скабелка шәкірттері бір ғана ұпай жинаған. Өткен жұмада қазақстандықтар сырт алаңда Сочиден 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Айдын иелері 99 секундта үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырған. Ол уақытта Кирилл Савицкий ҚХЛ-дағы алғашқы дубльін жасады. Қазіргі уақытта ол үш ұпаймен команданың үздік сұрмергені атанып отыр. Сондай-ақ Энтони Луи Лигадағы бірінші голын соқты. Андрей Скабелка мұндай нәтижеге (3:6) қарамастан, бұл оның шәкірттерінің маусым басында көрсеткен ең жақсы ойыны болғанын, бірақ матчқа жұмсалған бар күш-жігердің жеке қателіктердің кесірінен текке кеткенін тілге тиек еткен болатын.
"Барыс" пен "Трактор" арасындағы соңғы кездесуден бері бір айдан аз уақыт өтті. Тамыз айының соңында Челябинск командасы өз алаңында Губернатор кубогында елордалық команданы жеңді - 3:2. Командалардың өткен маусымдағы екі кездесуі де Челябинскіде өтті – 5:4 ОТ және 4:2.
Ал бұл жолы "Барыс" "Трактордан" айласын асырды. Линден Вей мен Кирилл Савицкийдің дәл соққысынан кейін "Барыс" ойынды жақсы бастап, алға шықты. Алайда бірінші үзіліске тоғыз секунд қалғанда "Трактор" сапынан Тему Пулккинен есеп айырмасын қысқартты. Үшінші кезең аяқталуға аз уақыт қалғанда Никита Бояркиннің қақпасына екінші гол соғылды. Бірақ бейнежазбаның қайталауын көрген төрешілер голды есепке алмады. Соңғы ысқырыққа бес секунд қалғанда Вэй қонақтардың бос қақпасына гол соғып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есесп: 3:1. Бұл "Барыстың" 2022/23 маусымындағы алғашқы жеңісі. 15 қыркүйекте елордалық хоккей командасы өз алаңында "Авангардты" қабылдайды.
"Барыс" – "Трактор" 3:1 (2:1, 0:0, 1:0)
1:0 – 06:42 – Вей (Михайлис, Савицкий)
2:0 – 15:36 – Савицкий (Михайлис, Вей)
2:1 – 19:51 – Пулккинен (Бурдасов, Исаев)
3:1 – 59:55 – Вей ГБ ПВ
Қақпашылар: Бояркин – Проскуряков
14 қыркүйек 2022 ж. 554 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930