Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы үштікке енді

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы үштікке енді

Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үшінші орынға көтерілді. Олимпиада Үндістанның Ченнае қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан тоғызыншы турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңген соң көшбасшылар кестесінде үшінші орынға көтерілді. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева өз партияларын жеңсе, Бибісара Асаубаева мен Кесения Балабаева тең түсті. Осылайша командада жеті жеңіс, бір тең ойын мен бір жеңіліс бар. Бұған дейін қазақстандықтар турнир кестесінде алтыншы орында болған.
Ерлер құрамасы Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді. Мұртас Қажғалиев пен Арыстанбек Оразаев тең түссе, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүйлейменов жеңіліп қалды. Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі үшінші жеңілісі болды. Матчқа дейін 12-орында болса, қазір 25-орынға түсіп қалды.

Тоғызыншы турдан кейін әйелдер арасындағы жарыс кестесінде бірінші орында Польша, екінші орында Үндістан тұр. Ерлер арасында көш басында Өзбекстан, екінші орында Үндістан, үшінші орында Армения тұр.
8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанмен, ал ерлер Хорватиямен ойнайды
08 тамыз 2022 ж. 717 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 86

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 90

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 56

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 105

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930