Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан жеңіл атлетикадан алғашқы алтынына қол жеткізді

Қазақстан жеңіл атлетикадан алғашқы алтынына қол жеткізді

Қазақстан жеңіл атлетикадан өз тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Қазақстан атынан әлем чемпионатына қатысқан кениялық атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден чемпион атанды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Джеруто қашықтықты 8:53,02 нәтежемен жүгіріп өтіп, Эфиопиядан келген қарсыласын артта қалдырды. Осы нәтижесі арқылы ол әлем чемпионатының рекордын орнатты.
Айта кетейік, Нора Джеруто мансабында алты рет Алмаз лигасының кезеңдерінде жеңіске жетіп, ал 2021 жылы осы лиганың финалында алтын таққан.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан атынан жарысқа түскен кениялық спортшы Каролин Чепкоеч Кипкируи әлем чемпионатында жетінші орынға ие болып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан еді.
АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің тағы спортшысы Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден финалға шыққан. Әлем чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады.
Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысу үшін бұған дейін кениялық төрт спортшы Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болған.
Нора Жеруто, Дейзи Джепкемай, Шадрак Коеч және Кэролайн Чепкоеч жаһандық аренада бәсекеге түсуге және көбірек мүмкіндіктерге ие болу үшін халықаралық серіктестіктерін өзгерткен.
21 шілде 2022 ж. 1 087 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930